Автосалондар көлік алушыларды қосымша қызмет сатып алуға мәжбүр еткен
Осыған ұқсас жағдайлар бірден бірнеше автосалонда анықталды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазақстандықтардың көлік сатып алғанда қосымша опцияларды алуға мәжбүр болғанын мәлімдеді, деп хабарлады 31 арна.
Осыған ұқсас жағдайлар бірден бірнеше автосалонда анықталды. Мамандардың айтуынша, бұл – заңсыз. Қазақстандық ірі автосалондар көлік сату кезінде тәртіп бұзған. Олар көлік алушыларды қосымша жабдық пен керек-жарақтарды, түрлі қызметтерді сатып алуға мәжбүр еткен.
2020 жылдан бастап, 2021 жылдың қазан айына дейінгі кезеңде Toyota Tsusho Kazakhstan қосымша жабдықты орнату арқылы құны 3 миллион теңгеге жеткен автокөліктердің 82%-дан астамын сатқан. Жекелеген санаттар бойынша үстемақы 200%-дан асты. Мысалы, 2020 жылы автокөліктердің 83%-ы қосымша жабдықты/қосалқыларды орнату жұмыстарымен қоса сатылды, – деді Алматы қаласы бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті тергеу бөлімінің бас маманы Мәлік Ливеров.
Екі жыл бұрын жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылғаннан бері сатып алушылардың құқығын бұзу фактілері күшейе түскен. Көлік тапшылығы жағдайында автосалондар қосымша құрал-жабдықтарды сатып алуды міндеттеп, қосымша төлем үшін жеткізуді жеделдетуді ұсынған. Содан соң шығын 2 миллион теңгеге жеткен. Сарапшылар мұндай қосымша қызметтердің заңсыз екенін айтады.
Бұл кілемшелер дилерлерден қымбатырақ. Сатып алушы мұндай затты автокөлік базарынан немесе кәдімгі базарлардан тапсырыс беріп сатып ала алады. Тіпті кейбір дилерлер автокөлік сатып алғанда электрлік скутер немесе велосипед ұсынады, – деді автосарапшы Алексей Алексеев.
Сонымен қатар, автосалондар көбіне тұтынушыларды тек ресми дилерлерде қызмет көрсетуге міндеттейді. Май ауыстыруға және басқа да шығыс материалдарына үшінші тарап қызметтерінен тыйым салады.
Бір адам 15 миллион теңгеге көлік сатып ала алады. Банктен 10 миллион қарыз алады, 5 миллионын өзі төлейді. Ал автокөлікті сақтандыру құны 10 миллион теңге болады және адам жазатайым жол апатына ұшырап, сақтандырушыға барса, сақтандырушы 100% сақтандыру 15 миллион теңге, ал сіз 70% сақтандыңыз деп айтады, – дейді «Техникалық тексеру операторлары» республикалық қауымдастығының төрағасы Михаил Будянский.