Федерация Черчесовтің жалақысын неге жасырады? - сенатор
Оныкі Еуропаның жетекші команда бапкерлерінің жалақысынан бірнеше есе жоғары көрінеді
Сенат отырысында депутат Дархан Қыдырәлі Қазақстан футбол федерациясында қаржылық ашықтық болмауының артында жемқорлық тұр ма деген күдігін айтты.
Премьер-министр мен Бас прокурорға жолдаған сауалында сенатор отандық футбол төңірегіндегі дау-дамайлардың көбеюіп кеткендігін алға тартты. Оның айтуынша, ұлттық құрама бас бапкерінің жалақысы Еуропаның жетекші команда бапкерлерінің жалақысынан бірнеше есе жоғары. Сонымен қатар, Черчесовтің басшылындағы құраманың қарсыластар қақпасына бірде-бір гол салмай, антирекорд орнатқандығын көпшіліктің есіне тағы салды. Осы орайда сенатор қазір ҚФФ бюджеті 10 миллиард теңгені қамтитынын да атап өтті.
Черчесовтің нақты жалақысы қанша екені белгісіз. Бұл ақпаратты федерация кімнен жасырады? Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын футбол командаларында ойнайтын легионерлердің жалақыларын да жарияламайды. Биыл легионерлерге шектеу қойылды. Бірақ кейде алаңға 11 шетелдік ойыншы шығып жатады. Ал премьер-лигаға қатысты көптеген сын айтылып жүр, - деді Дархан Қыдырәлі.
Сондай-ақ ол соңғы мачтардың нәтижесі қазақтандықтарды ашуландырғанын да атап өтті.
Атырау-Ақтөбе және Атырау-Астана ойындары көптеген қазақстандықты ашуландырды. Жеңісті кімге беру керектігін анықтаудағы шешімдер жанкүйерлердің наразылығын туғызып жатыр. Бұл шешімдердің артында сыбайлас жемқорлық жоқ па? - деп сұрады сенатор.