Петропавл дүкендеріндегі «халал» өнімнен шошқа ДНҚ-сы анықталды

Петропавл дүкендеріндегі «халал» өнімнен шошқа ДНҚ-сы анықталды Россельхознадзор
bai-bol.kz bai-bol.kz | 8 қараша, 2024

Бұл – өнім берушінің адал еместігінің дәлелі

Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы Петропавлдағы дүкендерден алынған жылқы етінен жасалған консервілерден шошқа ДНҚ-сы табылғанын хабарлады.

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы Петропавлда «халал» деп көрсетілген үлгілерден сәйкессіздіктер мен шошқа ДНҚ-сын анықтады.

Қоғамдық ұйымның сарапшысы Жанна Биятанның айтуынша, мемлекеттік стандарт бойынша жылқы етінен жасалған консервілерде тек жылқы еті, май және дәмдеуіштер болуы керек.

Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша, компонентке қатысты үлгіден шошқа ДНҚ-сының туындысы анықталды. Әдетте «халал» мәртебесін алу үшін өнім бірнеше сынақтан өтіп, құрамында мұсылмандарға тыйым салынған шошқадан және оның туындыларынан жасалған ингредиенттер болмауға тиіс. Өнімге халал мәртебесін бере отырып, шошқа қоспасын қосу – өнім берушінің адал еместігінің дәлелі, – деді Жанна Биятан.