Жас кәсіпкер некесіз туған қызына көлік пен пәтер сыйлады (ВИДЕО)

Жас кәсіпкер некесіз туған қызына көлік пен пәтер сыйлады (ВИДЕО) видеодан скриншот
bai-bol.kz bai-bol.kz | 3 қараша, 2024

Оның емі үшін де қомақты қаржы табыстағанын атап өтті

Белгілі кәсіпкер, блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызымен кездесіп, оған көлік пен пәтер сыйлады. Бұл жаңалықты өзі Instagram-дағы парақшасына жазды.

Ол қызының анасына JAC маркалы жаңа көлік, Астанадан пәтердің кілті және қыздың емі үшін қомақты қаржы табыстағанын атап өтті.

«Бұған дейін оған жазылмаған едім. Тек қызын қалай тастап кеткенін оқыдым. Бірақ қазір осы бейнені көргеннен кейін жазылдым. Жарайсың! Нағыз жігіттер осылай істейді», «Ол көпшілікке өтірік ойнап отыр. Осы уақытқа дейін қабылдамай, енді бағдарламадан кейін көмектесе қалыпты» дегендей екіұшты пікір білдірді блогердің бұл әрекетіне таңданған желі қолданушылары.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дархан Жолшыбековтің некесіз туған 5 жасар қызы бар екені белгілі болған еді. Бұл мәселе телебағдарламалардың бірінде көтерілгеннен кейін Дархан Жолшыбеков қызына 110 мың 760 теңге алимент төлейтін болды. Сотта істі қарау барысында ол жалақысының 70 мың теңге көлемінде екені туралы анықтама ұсынған.