Елімізде заңды жұмыс істейтін 13,7 мың шетелдіктің көбі – Қытай азаматтары

Елімізде заңды жұмыс істейтін 13,7 мың шетелдіктің көбі – Қытай азаматтары flectone.ru
bai-bol.kz bai-bol.kz | 7 маусым, 2024

Министрлік жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді

Жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен қазір Қазақстан аумағында 13 733 шетел азаматы еңбек етіп жүр.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай бірқатар санат бар:

  • басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 564 рұқсат (бірінші санат);
  • құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 599 рұқсат (екінші санат);
  • Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады. Тиісінше олар – 5 592 және 549 адам.

Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 639 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 790 адам тартылды.

Қазір Қазақстанда шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 762 жұмыс беруші бар. Оларда 455,5 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл – жұмысшылардың жалпы санының 99%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер:

  • құрылыс саласында – 4 222 адам (30,7%);
  • ауыл, орман және балық шаруашылығында – 1 686 адам (12,2%);
  • әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 652 (12%);
  • тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 1 276 адам (9,2%);
  • өңдеу өнеркәсібінде – 1 300 адам (9,4%);
  • кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 806 адам (5,8%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 059 адам (29,6%), Өзбекстан – 1 815 адам (13,2%), Үндістан – 1 192 адам (8,6%), Түркия – 1 068 адам (7,7%).

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 22 мың мөлшерінде белгіленді.