15-20 мың теңгеге сатылып жатқан Дубай шоколады ағзаға зиян болып шықты

15-20 мың теңгеге сатылып жатқан Дубай шоколады ағзаға зиян болып шықты dobro.press
bai-bol.kz bai-bol.kz | 27 қазан, 2024

Егер аллергия қатты қозса, адам анафилактикалық шок алады

Дубай шоколады адам ағзасына зиян. Бұл тәттіден асқазан-ішек жолдары бұзылады, калориясының салдары артық салмаққа әкеледі. Танымал шоколадқа қатысты дәрігерлер осылай деп дабыл қақты.

Тәттінің құрамына майға қуырылған катаифи қамыры қосылғандықтан, адамның ұйқы безі бұзылады, өті қабынады.

Токсиколог маман Михаил Кутушев Дубай шоколадын тұтынған қыз баланың денесі қышып, есінен танғанын мәлімдеді. Елордалық нутрициолог та мұны шоколад құрамындағы жаңғақ пастасының кері әсері деп отыр.

Бұл жерде аллергиялық өнім – фисташка пастасы. Адамдар мезгілдік аллергиямен ауыруы мүмкін. Ас қорыту жүйесі дұрыс жұмыс істемейтіндер бар. Олар фисташканы жемеуі керек екенін білместен, сол Дубай шоколадын жесе, организм аллергиялық реакция білдіреді. Мысалы қышу, бөртпелер пайда болады. Егер аллергия қатты қозса, есінен танып, анафилактикалық шок алады, - деп ескертті диетолог-нутрициолог Салтанат Болатбекқызы Qazaqstan телеарнасына берген жауабында.

Еске сала кетсек, қазір Дубай шоколады елімізде кемінде 15-20 мың теңгеге сатылып жатыр. Тұтынушылары да аз емес.