Елімізде әрбір сотталған адамды асырауға күніне 7 500 теңге кетеді

Елімізде әрбір сотталған адамды асырауға күніне 7 500 теңге кетеді islam.ru
bai-bol.kz bai-bol.kz | 22 қазан, 2024

Барлығына күніне 225 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалады

Қазақстандағы түрмелердің адамға толып кетуі және шартты түрде мерзімінен бұрын босату мәселесіне арналған баспасөз жиынында адвокат Надежда Далабаева солтталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату мемлекетке неліктен тиімді екенін айтты.

Сонымен қатар, тұтқындарды ұстауды үнемдеу де маңызды фактор саналады. ҚАЖК төрағасы орынбасарының айтуынша, бір тұтқынды ұстау бюджетке күніне 7 500 теңге шығын әкеледі.

Қазақстандық түрмелерде 30 мыңға жуық адам болса, бұл дегеніміз оларға күн сайын 225 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалады дегенді білдіреді.

Соттар тіпті экономикалық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған, бірақ мемлекетке зиян келтірмеген сотталғандарды шығарудан бас тартады. Соның салдарынан түрмелерде тағайындалған мерзімінің басым бөлігін өтеген, жасаған әрекетіне өкінген мүгедектер, онкологиялық науқастар және көпбалалы ата-аналар отыр, – деп атап өтті Надежда Далабаева.

Оның айтуынша, қазір конституциялық құқығының сақталуын қамтамасыз ету үшін президенттің араласуын сұрап жатқандардың өтініштерін қанағаттандырып, үйлеріне қайтаруға толық негіз бар.