Блогерлер дүкеншіні бопсалау үшін мерзімі өткен тауар іздеуді әдетке айналдырған

Блогерлер дүкеншіні бопсалау үшін мерзімі өткен тауар іздеуді әдетке айналдырған bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 21 қазан, 2024

Олар енді «Бопсалау» бабы бойынша ұсталып жатыр

Журналист Михайл Козачков Telegram-арнасына елімізде блогерлер мен қоғам белсенділерінің бопсалау арқылы ақша тауып жүргенін жазды. Айтуынша, олар дүкендер мен супермаркеттердегі мерзімі өткен тауарлар арқылы кәсіпкерлерден ақша бопсалайды.

Блогерлер мен қоғам белсенділері кәсіп иелерін бопсалау үшін шағын дүкендер мен ірі сауда желілерінен мерзімі өткен тауарларды іздейді. Жақында Астанада осындай 2 адамға үкім шықты. 70 жастағы Болат Тәжібаев бір жыл бұрын, 2023 жылдың күзінде серіктестерімен бірге «тұтынушылардың құқығын қорғау» қоғамдық бірлестігін ашқан. Өзін президент, ал 60 жастағы Жанат Мұсабаевты вице-президент етіп тағайындады. Содан кейін олар осы іс арқылы ақша таба бастаған, - дейді журналист.

Дерекке сүйенсек, олар үйдің жанындағы дүкендерге «рейд» жүргізіп, мерзімі өткен тауарларды іздеген.

Мәселен, биыл қаңтар айында «Юлия» дүкенінен Мұсабаев жарамдылық мерзімі өткен макарон өнімдерін тауып, сатушыны уәкілетті органдарға арыз жіберемін деп қорқытқан. Алайда 25 мың теңгеден соң бұл ойын өзгерткен. Ақша оның шотына түскен. Бірнеше аптадан кейін Мұсабаев елордалық «Азық-түлік» дүкеніне барып, дұрыс таңбаланбаған жарманы анықтады. Сатушы Тәжібаевпен сөйлескеннен кейін оның шотына тағы 25 мың теңге түскен. «Бектас» және «Огонек» дүкендерінде «тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамының» вице-президенті мерзімі өткен сүт пен майды тауып, тағы екеуіне 25 мың теңгеден алған. Осыған ұқсас тауарлар «Елсу» және «Дана» павильондарында да анықталды, – деп жазды Михайл Козачков.

Кейін бұл тексерушілердің үстінен арыз жазылған. Содан кейін полиция 7 эпизод бойынша бопасалау әрекетін тапты.

Сотта олар кінәсін мойындамады. Екеуі де өздерінің жақсы ниеттері болғанын мәлімдеді. Ал ақша тек «шығындарын өтеу үшін» алынған екен. Сот олардың түсіндірмелерін сыни тұрғыдан қабылдады және әрқайсысын 3 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Өкінішке қарай, осындай оқиғалар елімізде болып жатыр. Жақында Атырауда супермаркет иелерінен мерзімі өткен тауар туралы органдарға хабарламағаны үшін 2 миллион теңге бопсалаған жергілікті блогер сотталды. Оған тағы бір қылмыс жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Сотта оған прокурордан 20 мың теңге ұрлады деген тағы бір айып тағылды, – деп қосты журналист.

Оның айтуынша, дәл осындай әрекетпен қазір Алматыда тағы бір іс бойынша талқылау жүріп жатыр. Ол супермаркеттердің жұмысына бірнеше шағым жазған. Содан кейін 50 миллион теңге сұраған. Ер адам ақшаны алып жатқан жерінен ұсталды. Қазір ол 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.