«Күйеуіңіз көп ақша тапсын десеңіз, жуылмаған ішкиімін иіскеңіз» - бақсы (ВИДЕО)
видеодан скриншот
bai-bol.kz | 19 қазан, 2024
Сол кезде иерархия сақталады, - дейді ол
Желіде әйелдерге «тегін кеңес» берген Руслан есімді бақсы көпшіліктің ашуын тудырды.
Жалпы, ол әншілерге, шенеуніктерге кеңес беруші ретінде танымал. Айтуынша, ер адамның көп ақша табуы үшін әйелі оның ішкиімін иіскеп тұруы керек екен.
Егер күйеуіңіз көп ақша тапсын десеңіз, оның ішкиімін жумай тұрып, жақсылап иіскеп алыңыз. Оған өзіңіздің энергияңызды беріңіз. Содан кейін жуып, үтіктеңіз. Осыдан кейін сіздің күйеуіңіз өте көп ақша табатын болады. Сол кезде иерархия сақталады, - дейді бақсы.
Видеоның астына желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Олар «Ақшасыз жүргенім жақсырақ», «Байларымыз көрмесін, күлкіден өліп жатырмын», «Енді қалмағаны сол еді» деп жатыр.