Жазира Байырбекова ішімдікті сатылымнан жаппай алып тастауды ұсынды

Жазира Байырбекова ішімдікті сатылымнан жаппай алып тастауды ұсынды bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 17 қазан, 2024

Оған темекі, ішімдік сатпайтын дүкен иелері қолдау танытты

Әнші Жазира Байырбекова Instagram-дағы парақшасына ішімдік сатуға тыйым салу керектігін жазды.

Осылайша, ол көпшілікті қоғамға тигізетін зияны көп сусыннан аулақ жүруге үндеді. 

Спирттік ішімдіктің қоғамға, отбасына тигізіп жатқан зияны көп. Дәл осы нәрсені сатылымнан алып тастаса, көп проблема шешілер еді. Agugai_ansambl-дегі біздің жігіттер де ішімдікке қарсы. Араққа құмар адаммен бір үйде тұратын адамның жүйкесі әлсірейді. Сіз спирттік ішімдіктің сатылымнан алып тасталғанын қолдайсыз ба? – деп ортаға сауал тастады Жазира Байырбекова. 

Сол-ақ екен, желі қолданушылары ол бастаманы бірауыздан қолдай кетті. Арасында темекі, ішімдік сатпайтын дүкен иелері де бар.