Ақбота-Нұр Сейітмағамбет түсірілімде жақсы гонорар үшін сүйіскен (ВИДЕО)

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет түсірілімде жақсы гонорар үшін сүйіскен (ВИДЕО) видеодан скриншот
bai-bol.kz bai-bol.kz | 17 қазан, 2024

Оңай болған жоқ, жан-жақтан соққылар келді, - дейді ол

Әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет Revue News бағдарламасында өзінің үлкен шу тудырған «сүйісу сахнасына» қатысты пікір білдірді.

Бұл ретте ол әріптесі Ермек Шынболатов екеуі бейнеленген «Адал алаяқтар» фильміндегі бір кадрдың жеке өміріне кері әсерін тигізгенін жасырмады. Айтуынша, ол осы бір түсірілім үшін жақсы гонорар алған. Бірақ...

Оңай болған жоқ. Жан-жақтан соққылар келді. Хайп ретінде жасаған дүниеміз денсаулығыма, жеке өміріме біраз әсер етті. «Хайптың аты – хайп» деген – осы. Ол үшін жақсы гонорар төленіп жатыр, - деді Ақбота-Нұр.

Сондай-ақ актриса түсірілім кезінде өзінің жарақат алып қалғанын айтты.

Продюсерімізге шағымданайын деп тұрмын. Түсірілімге барғанда жарақаттанып қалдым. Бір-екі қимылым дұрыс болмай, жігіттеріміз үстелді дұрыс қоймағандықтан құладым. Сосын он күндей емханада жатқан болатынмын, - дейді ол.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде көпшілік «Дәстүр» фильмі арқылы танылған актер мен «Кешью» тобының бұрынғы солисін сынның астына алған болатын. Өйткені видеодан Ақбота-Нұр мен Ермек Шынболатовтың бір-бірін құшырлана сүйіп, артынша күліп жібергенін байқауға болады. Оны көрген желі оқырмандары қос актердің әрекетіне түрлі пікір жазып тастады.

«Кино болса, тілге тіл тигізбейді ғой», «Үйленген жігіт еді ғой», «Ұялса болады ғой» дегендей пікірлер қалдырды олар.