Үйлену тойын қарызға жасаған вайнер пәтерін сатып тынды
Тіпті, сол қарызы үшін маркетолог болып та жұмыс істеп көрген
Zheka Fatbelly атымен танылған блогер, вайнер Жеңіс Омаров Instagram-дағы парақшасына өзінің үйлену тойын қарызға ақша алып жасағанын жазды.
Айтуынша, ол тойдан кейін қарыздарын әрең жапқан көрінеді.
Молданазар ән айтқан кездегі үйлену тойым естеріңізде ме? Біз ол кезде қайыққа шықтық. Міне, мен сол тойды қарызға алып жасадым. Осыдан бір ай бұрын ғана тойдың соңғы қарызын жауып тастадым. Есептеңіз, 1 жыл, 2 ай кетті, - дейді Жеңіс Омаров.
Тіпті, сол қарызы үшін маркетолог болып та жұмыс істеп көрген.
Маркетолог болып жұмысқа орналастым, елестете аласыз ба? Мен видео түсіретін блогер едім ғой. Ал тойдан кейін таңертеңнен кешке дейін жұмыс істей бастадым, - дейді вайнер.
Ол аздай, бәрібір қыруар қарыздан құтылу үшін пәтерін сатуға мәжбүр болған.
Еске сала кетсек, Жеңіс Омаров бұдан бұрын келіншегінің бет-жүзін осы материалдағы суреттегідей етіп неге жасырып қоятынын да жазған болатын.
Енді ешкім жасырынған бет-жүзі туралы жазбасыншы. Біз үшін осылай ыңғайлы, солай шештік. Осылай қабыл алыңыз және біз үшін қуаныңыздар! - деген-ді сонда блогер.