Абай Бегейдің қызының жасауы мен қалыңмалы қанша теңге болғаны айтылды
Өзіне ғана бұйырсын деп ең жақсысын алдық, - дейді жеңгесі
Әнші Абай Бегейдің 16 жасында тұрмысқа шыққан қызы Сымбаттың жасауы ел арасында әлі талқыланып жатыр.
Бұл ретте оқырмандарынан келген сұраққа әншінің келіні Бәдинұр жауап берді.
Бәріне қызық болып жатқан сұрақ Сымбаттың жасауына қатысты екен. Қызымызға әкесі, апасы, әжесі мен әпкелері болып аянбай бердік. Үйлену тойындағы сыйлаған көлікті есептемегенде 40 миллион теңгедей кетті. Өзіне ғана бұйырсын деп ең жақсысын алдық. Бастысы, бақытты болсын! – деп жазды қыздың жеңгесі.
Сондай-ақ жігіттің әкелген қалыңмалы да қызу талқыға түсті. Жігіттің жеңгесі «Ел қатарлы бердік» деп нақты соманы жасырмақ болып еді, оны да Сымбаттың жеңгесі жариялап қойды.
Құдаларымызға Алла разы болсын! Ешкімнен артық та, кем де қылмай, 3 миллион теңге әкелді, – деп жазды блогер келіншек.