Баян Алагөзова суррогат аналарға қанша теңге төлегенін жасырмады
Қазақстанда суррогат аналардың гонорары өте аз, - дейді ол
Белгілі продюсер Баян Алагөзова «Көреміз» бағдарламасында екі қызының дүниеге келуіне көмектескен суррогат аналарға қанша ақша бергенін айтты.
Суррогат аналардың ай сайынғы жалақысы – 250-350 мың теңге арасы. Бұл баға суррогат аналардың сұрағанына қарай бекітіледі. Бірі 250 мың сұрауы мүмкін. Екіншісі «одан көп бер» деп талап қояды. Қалған қаржыны бала туғаннан кейін бірден төлейсің. Баланы дүниеге әкелгеннен кейін қомақты келіскен гонарарын бересің. Бұл ай сайынғы жалақыдан бөлек төленеді. Қазақстанда суррогат аналардың гонорары өте аз. Сондықтан шетелдік азаматтар да біздің елге көп келеді. Дүниеге сәби алып келетін миссия үшін ондай баға – өте арзан. Суррогат аналардың гонорары 6 миллион теңгеден басталып, 10 миллион аралығында болады. Менің жағдайымда бірі 6 миллион теңге, екіншісі 7 миллион теңге сұрады. Мен оларға артығымен төлеп жібердім, – дейді Баян Мақсатқызы.
Өйткені бай продюсер үшін суррогат аналар сұраған сомалар өте аз көрінген. Ал одан ондай артығымен төлейтін жомарттықты күтпеген екеуі соған да таңғалған.