Әскерден қашқандарға 3,5 миллион теңге айыппұл салынады

Әскерден қашқандарға 3,5 миллион теңге айыппұл салынады yandex.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 13 қазан, 2024

Мекежайы белгісіздерді әскери комиссариатқа полиция жеткізеді

Қазақстанда енді әскерден қашқандарға 3,5 миллион теңге айыппұл салынып, қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскер қатарына шақырылған барлық азамат әскери комиссариатқа келуге міндетті. Қазір жүргізіліп жатқан күзгі науқанда Отан алдындағы борышын өтеуге тиіс азаматтарға шақыру қағазы хат түрінде және SMS-пен жолданып жатыр.

Олардың жұмыс пен оқу орындарына да хабарлама берілген. Ал шақыруды жеке өзіне тапсыру мүмкін емес азаматтар әскери комиссариатқа ішкі істер органдарының көмегімен жеткізіледі.