Елімізде тұздың өзі күрт қымбаттап шыға келді
Алматы қаласында 13,8% артқан
Қазақстанда 24 қыркүйектен бастап, 1 қазанға дейінгі бір апта ішінде тұз бағасы орта есеппен 2,4% өсті. Бұған дейін оның қымбаттауы 2022 жылдың наурыз айында болған еді.
Зерттеуге сәйкес, ас тұзының бағасы Алматы қаласында 13,8% артқан. Алайда Алматы облысының орталығы – Қонаевта тұз бағасы, керісінше, 1,2% түскен. Ресми статистикаға сенсек, бұл мегаполистегі тауарлар бағасы Қонаевқа қарағанда орта есеппен 10 теңге және 12% жоғары дегенді білдіреді.
Ұлттық статистика бюросы фискалдық түсімдерге негізделген инфляция бойынша жаңа эксперименттік деректерді ұсынды. 2023 жылдың басынан 2024 жылдың маусымына дейін Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында 20 тауарға қатысты есептеулер жүргізілген.
Мысалы, жыл басымен салыстырғанда, маусым айының соңына қарай тұз бағасы ресми түрде 10,8% төмендеді. Ал «эксперименттік» тұрғыда, керісінше, 3,6% өскен. Алматы, Қарағанды облыстарында айтарлықтай өсім байқалмайды.
Алматыда ас тұзы дәстүрлі есептеулер бойынша 1,5%, тәжірибелік есептеулер бойынша 4% қымбаттады. Қарағанды облысында классикалық бағалау бойынша тұздың бағасы 0,1% түссе, чектер бойынша 1,1% өскен.
Дәл қазір Астанада ас тұзы жыл басымен салыстырғанда бұрынғысынша 9,4% арзандаған. Қарағандыда баға 1,3%, Алматыда 23% өскені белгілі болды. Эксперименттік деректер болмағандықтан, бағаны дүкеннен алған түбіртектермен салыстыруға болады.