ІІМ алаяқтардың телефонмен жиі айтатын сөздерін жария етті
Олардың айласына түсіп қалмас үшін көпшілікке 5 кеңес те берді
Ішкі істер министрлігі телефон арқылы адам алдайтын алаяқтардың жиі айтатын сөздерін жариялады.
Алаяқтар көп жағдайда орыс тілінде сөйлейді және бірнеше сөзді жиі пайдаланады.
Олар:
«Сіздің ақшаңызды біреу ұрлайын деп жатыр (Ваши деньги пытаются похитить)»;
«Сіздің есепшотыңыз бойынша күдікті операция тіркелді (Зафиксирована подозрительная операция)»;
«Шұғыл SMS-пен келген кодты айтып беріңіз (Продиктуйте код из SMS)»;
«Тергеу жүріп жатыр, алаяқтарды ұстап беруге көмектесіңіз және ешкімге ештеңе айтпаңыз (Идут следственные действия, помогите задержать мошенников и не разглашать информацию)»;
«Несиеге өтініш рәсімделді (Оформлена заявка на кредит)»;
«Ақшаны арнайы және қауіпсіз есепшотқа аудару керек (Перевести деньги на специальный и безопасный счет)»;
«Сіздің банк картаңыздың/SIM-картаңыздың мерзімі өтіп барады (Истекает срок действия вашей банковской карты/SIM-карты)».
Осы орайда полиция алаяқтардың айласына түсіп қалмас үшін мынадай бірнеше кеңес берді:
- күмәнді адамдардың телефон арқылы жасаған нұсқауын орындамаңыз;
- жеке деректерді, банк карталарының CVV-кодтары мен реквизиттерін бөтен адамдарға бермеңіз;
- күдікті сілтемелерге өтпеңіз;
- қосымшаларды орнату үшін тек ресми қолданбаларды пайдаланыңыз;
- шотыңыздағы ақша айналымын жиі тексеріп отырыңыз.