Елімізде үш сала мамандарының жалақысы жылдам өскен
Ең жоғары өсім – ақпарат және коммуникация саласында
Қазақстанда қай сала мамандарының жалақысы жылдам өсетіні белгілі болды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, екінші тоқсанда Қазақстанда ақпарат және коммуникация, қаржы және сақтандыру салаларында, сондай-ақ құрылыс саласындағы мамандардың жалақысы жылдам өскен. Әсіресе, орташа жалақының ең жоғарғы өсу қарқыны Алматы қаласында байқалған.
Хабарламаға сәйкес, жалақының ең жоғары өсімі – ақпарат және коммуникация саласында. Бір жыл ішінде бұл саладағы қызметкерлердің табысы орта есеппен 40,1% өсіп, 715 мың теңгеге жеткен. Екінші орында қаржы және сақтандыру саласы тұр. Онда жалақы 23,3% өсіп, орта есеппен 800 мың теңгені қамтыды. Құрылыс саласы үшінші орында – 24,6%.
Өңірлер арасында орташа жалақының ең көп өсуі Алматы қаласында (22%, 449 мың теңге) байқалса, екінші орында Маңғыстау облысы (20,6%, 569 мың теңге), үшінші орында Қарағанды облысы (14,9%, 312 мың теңге) тұр.
Ең аз жалақы өсімі Батыс Қазақстан облысында (8,2% және 319 мың), сондай-ақ Түркістан (9,1% және 315 мың) және Қызылорда (9,2% және 344 мың) облыстарында байқалған.