Паралимпиада алтынын иеленген спортшымыз қанша сыйақы алады?

Паралимпиада алтынын иеленген спортшымыз қанша сыйақы алады? m.sports.ru
bai-bol.kz bai-bol.kz | 6 қыркүйек, 2024

Ол 2020 жылғы Токиодағы жазғы Паралимпиада ойындарында да осы санатта чемпион атанған

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанған Давид Дегтярев осы жетістігі үшін мемлекет тарапынан сыйақы алады.

Айта кетсек, ол пара пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, 188 келі салмақты еңсеріп, екінші рет Паралимпиада чемпионы атанып отыр. Бұл жеңісі үшін Давид Дегтярев мемлекет тарапынан 250 мың доллар көлемінде сыйақы алады.

Ол 2020 жылғы Токиодағы жазғы Паралимпиада ойындарында да осы санатта чемпион атанған. Ол жеңісі үшін де мемлекет тарапынан 250 мың доллар көлемінде қаржылай сыйақы алған еді.