Қайрат Нұртастың «басы» сатылып жатыр

Қайрат Нұртастың «басы» сатылып жатыр bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 25 тамыз, 2024

Сатушы бастың жаңа екенін және бизнес жоспармен бірге сатып алғанын баяндаған

OLX жарнама беру сайтына қызықты жарнама шықты.

Ол жарнаманы TikTok желісіндегі Aisultan атты тіркелуші өзінің парақшасына салды. Оның айтуынша, әнші Қайрат Нұртастың қолдан жасалған қуыршақ басы сатылымға шыққан. Бағасы – 200 мың теңге.

Сатушы бұл бастың жаңа екенін және бизнес жоспармен бірге сатып алғанын баяндаған. Алайда ол әншінің басы қандай бизнеске керек болғанын айтпапты. Тойларға киіп шығуға қажет болса керек.

Сондай-ақ аталған жарнама сайтына Қайрат Нұртастың тағы бір басы жарияланды.