Доллар бағамы 486 теңгеге дейін көтерілді

Доллар бағамы 486 теңгеге дейін көтерілді akwatoria.ru
bai-bol.kz bai-bol.kz | 24 тамыз, 2024

Астанада 484 теңгеден саудаланып жатыр

Қазақстанда доллар күрт қымбаттады. Биржада бағам шамамен 4 теңгеге көтерілді. Қазір ақша айырбастау орындарында доллар бағамы аспандап тұр.

Кurs.kz порталының мәліметінше, Алматыда америкалық валютаның құны 486 теңгеге дейін көтерілген. Қаланың ақша айырбастау орындарында долларды 483-486 теңге аралығында сатып алуға болады.

Шымкентте де кейбір ақша айырбастау пункттерінде баға 486 теңгеге дейін көтерілді. Мегаполисте ол 483,5 теңгеден 486 теңге аралығында сатылып жатыр.

Астанада америкалық валюта 484 теңгеден саудаланып жатыр.

Айта кетсек, Ұлттық банктің ресми деректеріне сәйкес, кеше, яғни 23 тамыз күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 479.08 (+3.38), еуроға шаққандағы бағамы – 533.50 (+4.38) және рубльге шаққандағы бағамы – 5.26 (+0.08).