Бір аптада арзандаған азық-түлік тізімі жарияланды

Бір аптада арзандаған азық-түлік тізімі жарияланды bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 29 шілде, 2024

Нан, сүт, сүзбе, сиыр еті және тұз бағасының орташа индексі тұрақты

Үкімет өткен аптада азық-түліктің 8 түрі арзандағанын мәлімдеді.

Сауда және интеграция министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, нан, сүт, сүзбе, сиыр еті және тұз бағасының орташа индексі тұрақты.

Арзандаған тауарлар:

  • жұмыртқа – 0,7%;
  • айран – 0,5%;
  • сары май және қарақұмық жармасы – 0,4%;
  • күріш пен ұн – 0,2%;
  • қант пен рожки – 0,1%.

Алматы қаласы, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан мен Жетісу облыстарында баға тұрақты. Ал Ұлытау, Шымкент, Павлодар, Атырау, Ақмола мен Түркістан облыстарында бағаның төмендеуі байқалады.

Маусымаралық кезеңде әлеуметтік көкөністердің бағасын тұрақтандыру үшін өңірлерде 137,9 мың тоннаға келісімшарттар жасалды.

Сәбіз бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация келісімшарттары 22,1 мың тоннаны қамтыды. Бұл – ұсынылатын қажеттілік көлемінің 115%-ы. Пияз бойынша 24,2 мың тоннаға (қажеттіліктің 169%-ы), картоп бойынша 74,3 мың тоннаға (94%), қырыққабат бойынша 17,1 мың тоннаға (85%) келісімшарт жасалды, - деді Сауда және интеграция вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.