Шымкентте Қытайдан заңсыз әкелген құс еті жойылды
akwatoria.ru
bai-bol.kz | 26 шілде, 2024
Жеке кәсіпкерге 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Қытайдан заңсыз әкелінген 25 мың келіден аса құс етін жойды.
Рейд барысында «Жібек жолы» сауда орталығының аумағында ветеринариялық сертификатсыз және басқа да қосымша құжаттарсыз Қытайдан әкелінген 35 мың 70 келі құс еті анықталған.
Тәркіленген құс етінің барлық партиясы Шымкент қаласы Ақтас кентінің қоқыс жинау орталығы аумағындағы Беккари шұңқырында жойылды. Онда дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіліп, оның ішінде ет контейнері мен 9 «Газель» жүк көлігі өңдеу шараларынан өтті, – делінген хабарламада.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 406-бабы 1-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерге 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.