Қазақстандықтар онлайн саудамен-ақ 2 трлн теңгенің тауарын сатып алған

Қазақстандықтар онлайн саудамен-ақ 2 трлн теңгенің тауарын сатып алған ravechnost.ru
bai-bol.kz bai-bol.kz | 5 маусым, 2024

2025 жылға қарай әлемдегі интернет-сауданың үлесі бөлшек саудадан 25% асып түседі

Бүгінде Қазақстан тұрғындары киім, аяқ киім, азық-түлік, дәрі-дәрмекті интернет арқылы сатып алуды жиілеткен. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты.

Бұл – әлемдегі экономикалық өсімнің жаңа драйвері. Оның географиялық шекарасы жоқ. Халықаралық сарапшылардың болжамынша, 2026 жылға қарай В2С (business to consumer) әлемдік нарықтағы үлесі 8,2 трлн доллар болады. Қазір бұл көрсеткіш – 5,7 трлн доллар деңгейінде. Яғни, әлемдегі бөлшек сауда айналымының 19%-ын (Оңтүстік Кореяның үлесі – 28%, Қытай – 27,2%, Ұлыбритания – 26,5%, АҚШ – 14,6%) алып отыр, - деді министр.

Оның айтуынша, енді Қазақстанда электронды сауда инфрақұрылымын дамыту маңызды.

Қазақстанда бұл көрсеткіш 12,5%-ға жетті немесе 2 трлн теңге болды (2022 жылдың қорытындысы бойынша 1 млрд 963 млн теңге). Интернет арқылы сатылатын негізгі тауарлар – киім мен аяқ киім, үйге арналған тауарлар, азық-түлік, косметика және дәрі-дәрмектер. Электронды сауданың қазақстандық экожүйесін дамыту үшін көлік-логистика инфрақұрылымын, курьерлік қызметтерді жақсарту, қағазсыз сауданы енгізу және халықтың цифрлық сауатын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді Арман Шаққалиев.

Бұл ретте халықпен қатар, бизнес өкілдерінің де цифрлық сауатын арттыру қажет. Оған электронды коммерцияға оқыту орталықтары ішінара ықпал етеді. Ал ондай орталықтарды бүкіл республика бойынша ашу маңызды.

Бүгінде Қазақстан билігінің алдында отандық онлайн-дүкендерді дамыту мақсаты тұр. Өйткені 2025 жылға қарай әлемдегі интернет-сауданың үлесі бөлшек саудадан 25% асып түсуге тиіс. Бұған онлайн және офлайн-дүкендердің бизнес үдерістерінің өзгеруі, өнімді орналастыру мен жарнамалаудың жаңа форматтары ықпал етіп отыр. Мұның барлығы сатып алушыларды кеңінен тартуға мүмкіндік береді әрі олардың уақытын үнемдейді.

Біздегі нарықтың ауқымды бөлігі шетелдік интернет-алаңдарға тиесілі. Осы мүмкіндікті өз өнімдерімізді әлемдік нарыққа өткізудің қосымша арнасы ретінде пайдалануға болады.