Елімізде темекі 15 шілдеден бастап тағы қымбаттайды
bai-bol.kz
bai-bol.kz | 13 шілде, 2024
Қазір темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы – 770 теңге
Қаржы министрлігі 15 шілдеден бастап темекінің ең төменгі бағасы 820 теңгеге өсетінін мәлімдеді.
Ең төменгі бөлшек бағалар келесідей:
сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 папиростар, сигариллаларға және қыздырылатын темекі бұйымдарына – 2024 жылғы 15 шілдеден бастап, 31 желтоқсанды қоса алғанда, 820 теңге, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 870 теңге, – делінген хабарламада.
Қазір темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы – 770 теңге. Қаржы министрлігі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкасы былтырғымен салыстырғанда, 12,8% өскенін атап өтті.