Қазақстандағы ең бай әйел Ресей азаматтығынан бас тартты

Қазақстандағы ең бай әйел Ресей азаматтығынан бас тартты the-steppe.com
bai-bol.kz bai-bol.kz | 13 шілде, 2024

Ол 4,3 млрд теңгемен ең табысты жалға берушілер рейтингінде 8-орынды иеленген

Қазақстандағы ең бай әйел Айдан Сүлейменова Ресей төлқұжатынан бас тартты.

11 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин «Ресей азаматтығына қабылдау және Ресей азаматтығынан шығу туралы» жарлыққа қол қойды. Құжат бойынша Айдан Сүлейменова ресейлік төлқұжатынан бас тарту туралы өтініш берген.

Айта кетсек, Айдан Сүлейменова – Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменовтің қызы және қазақстандық кәсіпкер Данияр Әбілғазинның әйелі.

Forbes мәліметінше, Сүлейменова – ADD Invest Properties компаниясының иесі. Ол арқылы жұбайы Құлыбаевтармен бірге астанадағы Keruen City сауда орталығы мен Talan Gallery сауда орталығына иелік етеді. Сондай-ақ Keruen сауда орталығындағы үлеске ие. Серіктестік қоржынында Ақтөбедегі Keruen City сауда орталығының 50 пайызы да бар.

Сондай-ақ Айдан Сүлейменова «Аяла» қайырымдылық қорын басқарады. 2023 жылдың соңында ол 4,3 миллиард теңге табыспен ең табысты жалға берушілер рейтингінде 8-орынды иеленген.