Кәсіпорындар жұмысшылардың 2,9 млрд теңгеден аса жалақысын бермеген
bai-bol.kz
bai-bol.kz | 13 шілде, 2024
9,5 мыңнан аса жұмысшының құқығы қорғалды
Биыл жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 28,7 мыңнан аса жұмысшының құқығын қорғады, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
1 шілдедегі жағдай бойынша, 190 кәсіпорын 11,2 мың жұмысшыға 2,9 млрд теңгеден аса жалақысын төлемеген.
Сонымен бірге түрлі ұйымдарда 5,6 мыңға жуық еңбек құқығы бұзылған. Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 182 ұйғарым берілді және 26,7 млн теңгеден аса айыппұл салынды, - деп мәлімдеді ведомство.
Нәтижесінде 9,5 мыңнан аса жұмысшының құқығы қорғалып, оларға 2,2 млрд теңге төленген.
Жалпы, биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 3 549 тексеру жүргізіп, 5 607 заң бұзушылық фактісін анықтаған.