Мансап орталығының қызметкерлері сотталған балаларға кәсіп ашуға кеңес берді
aqshamnews.kz
bai-bol.kz | 17 маусым, 2024
Оларға мемлекеттік бағдарламалар туралы толық ақпарат берілді
Алматы қалалық мансап орталығының қызметкерлері шаһардың өзі және Алматы, Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесіндегі кәмелетке толмаған сотталғандармен кездесті.
Олар жазасын өтеп жатқан жасөспірімдерге 3 айлық оқу, кәсіп ашқан жағдайда берілетін қайтарымсыз грант және «Агробизнес» бағдарламасы және тағы басқа мемлекеттік бағдарламалар туралы толық ақпарат берді.
Бүгінде сотталған адамға бостандыққа шыққан соң жұмыс табу – өте өзекті мәселенің бірі. Олар үшін жұмысқа орналасудың маңызы зор. Сондықтан мамандар жасөспірімдерге еркіндікке шыққан соң кәсіби білім алудың маңызын түсіндіріп, қалай жұмысқа орналасуға болатыны туралы кеңес берді, - деп жазылған хабарламада.