Алматыда инспекция бастығы кәсіпкерге дәмхана ашуға жерді заңсыз берген
bogatyr.club
bai-bol.kz | 17 маусым, 2024
Ол орын мемлекеттік орган ғимаратына іргелес тұр
Медеу ауданының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті заңсыз пайдалану фактісін анықтады.
АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы қоғамдық тамақтану нысанын ашуға мемлекеттік орган ғимаратына іргелес жатқан жер учаскесін заңсыз берген.
Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы бойынша мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін («Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» заңының 50-бабы 1-бөлігінің 5-тармақшасы) аумақтық инспекция басшысы «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауапқа тартылды.