Министрлік банктерге салықты арттырып, кәсіпкерлердің жағдайын жақсартпақ
myhotelline.com
bai-bol.kz | 9 маусым, 2024
21 банк тек 600 млрд теңге салық төлеген
Қазақстанда екінші деңгейлі банктерге салық жүктемесін арттыру мәселесі қарастырылып жатыр.
Жер қойнауын пайдаланушылармен, мұнай саласындағы салық төлеушілермен жұмыс істеуді, сондай-ақ екінші деңгейлі банктерді қарастырып жатырмыз. Өйткені екінші деңгейлі банктер тарапынан түскен салық көлемі төмен. 21 банк тек 600 млрд теңге салық төлеп отыр. Қазір банк саласына салықты ұлғайтуды ұсынып отырмыз, - деді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.
Оның айтуынша, министрлік мәселені пысықтап болған соң, тиісті норма Парламент қарауына жіберіледі.
Сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің жағдайын жақсарту керек. Жаңа Салық кодексі аясында инвестиция салатын және жаңа кәсіпорын ашатындарға жағдай жасау маңызды, - деді Ержан Біржанов.