Менеджері Шавкат Рахмоновтың UFC 310 турниріндегі гонорары туралы айтты

Менеджері Шавкат Рахмоновтың UFC 310 турниріндегі гонорары туралы айтты championat.com
bai-bol.kz bai-bol.kz | 13 желтоқсан, 2024

Көптеген БАҚ Шавкаттың гонорары 800 мың доллардан аз деп жазды

UFC-дің жартылай орта салмақтағы файтері Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Абдрахманов YouTube желісіндегі «Спорт Шредингер» арнасына берген сұқбатында қазақстандық жауынгердің UFC 310 турниріндегі гонорары туралы айтты.

8 желтоқсанда UFC 310 турнирі аясында өткен жекпе-жекте Шавкат Рахмонов төрешілердің бірыңғай шешімімен ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген болатын. «Спорт Шредингер» арнасының журналисі Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Абдрахмановқа: «Көптеген қазақстандық БАҚ Шавкаттың гонорары 800 мың доллардан аз деп жазды. Бұл рас па?» деп сұрады. Файтердің менеджері бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Дереккөзді тексеру керек. Невада штатындағы Атлетикалық комиссия спортшылардың жекпе-жек гонорарлары туралы ақпаратты жарияламайды. Егер бұл Калифорнияда болса, онда сенуге болар еді. Себебі ол жақта ресми гонорарлар туралы ақпарат ішінара белгілі болады. Бірақ толық гонорар ешқашан жарияланбайды. Ал Невадада мұндай ақпарат жоқ. Сондықтан гонорар туралы ақпарат досыңның «маған сенші» деген сөзіндей кейіп танытады. Сол себепті бұл көрсеткіш шындыққа жанаспайды, - деді Саят Абдрахманов.

Сондай-ақ ол гонорар туралы ақпаратты айтуға еш хақысы жоқ екенін алға тартты.

Барлығына бұл тақырып қызық екенін түсінемін. Бірақ гонорарлар туралы ақпарат ресми түрде жарияланатын күн болса немесе Шавкаттың өзі бұл туралы айтқысы келсе, ол – оның таңдауы. Мен менеджер ретінде бұл ақпаратты құпия сақтаймын және оны жария етуге құқығым жоқ, - деді менеджер.

Еске сала кетсек, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы жаңа рейтингінде бір сатыға көтерілген болатын.