«Мамандығым – бухгалтер»: жеке кәсіп ашқан Сырым Исабаев сахнаға қайта оралды

«Мамандығым – бухгалтер»: жеке кәсіп ашқан Сырым Исабаев сахнаға қайта оралды YouTube
bai-bol.kz bai-bol.kz | 13 желтоқсан, 2024

Есеп-қисапты білетін болған соң кәсіп бастауды жөн көрдім, - дейді

2010-жылдары хитменге айналған әнші Сырым Исабаев 10 жылдан кейін сахнаға қайта оралып отыр. Ол «1001 түн» бағдарламасына қонақ болып, өзінің төнерден алыстау себебін түсіндірді. 

2014 жылы соңғы рет концерт беріп, сахнамен қош айтыстым. Негізгі мамандығым – бухгалтер. Сол салаға бет бұрғым келді. 2005 жылы өнерге араласа бастадым. Қайрат Нұртаспен дуэт жаздық. «Алып қашу операциясы» деген кино түсірдім. Халық жылы қарсы алды. Бір кезде дипломым бойынша жұмыс істеп көргім келді. Есеп-қисапты білетін болған соң кәсіп бастауды жөн көрдім. Екі демалыс аймағы мен жасөспірімдерге арналған білім беру сауықтыру кешінін аштым. Олар күні бүгінге дейін жұмыс істеп тұр. Ештеңе мәңгілік емес. Өнерден де кететін кез болады. Сол кезде бала-шағамды кім асырайды? Олар Шымкентте тұрады. Мен Алматы мен екі ортада жүремін. Сондықтан кәсіп бастадым. Берекелі болып жатыр, – деді Сырым Исабаев. 

Сондай-ақ ол Қайрат Нұртаспен арақатынасы туралы қауесетке де пікір білдірді. 

Қайрат екеумізге айтылған әңгіменің бәрі жалған. «Ренжісіп қалыпты», «ақшаға таласыпты» деген сөздердің бәрі – өсек. Мен 10 жылға жуық өнерден кетсем де өнердегі достарымды сақтап қалдым. Қайрат та жеке әнші болып танылды. Мен де ән айтып жүріп, Қайраттың анасының көзіне түскенмін. Сондай кезде дуэт жазу идеясы ойға келді. Бір жыл ішінде бірнеше ән жазып, бейнебаян түсірдік. Жобаларымыздың бәрі халықтың көңілінен шықты. Қайраттың таланты керемет. Қанша жыл сахнада жүр, әлі де берері көп азамат, – деді әнші.