Жұлдыз Әбдікәрімованы алдаған компания басшысына қылмыстық іс қозғалды

Жұлдыз Әбдікәрімованы алдаған компания басшысына қылмыстық іс қозғалды instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
bai-bol.kz bai-bol.kz | 9 желтоқсан, 2024

Қазір сол TUMARGrandVillage құрылыс компаниясынан қомақты қаражатын қайтара алмай отырғандардың саны 10-нан асады

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың әйелі – актриса Жұлдыз Әбдікәрімованы алдап соққан құрылыс компаниясы басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Жәбірленуші ретінде Ж.Абдукаримова заңгерлердің көмегіне сүйеніп, пәтерін қайтарып алу мақсатында аудандық, содан кейін қалалық сотқа жүгінді. Екі соттың шешімі де жәбірленушінің пайдасына шешілмей, пәтер де, құрылыс компаниясы салып беруге тиіс болған коттедж де қайтарылмады. Екі сот барысында заңсыз әрекеттер болып, соттың талаптары орындалмады. Жауап беруші екі соттың да отырысына қатыспады. Жәбірленушінің келтірген дәлелдері сот тарапынан ескерусіз қалдырылды, – деп хабарлады Астана қаласының соты.

Бұл ретте Жұлдыз Әбдікәрімова жалғыз емес. Сонымен қатар, қазір TUMARGrandVillage құрылыс компаниясына алданып, үлкен сомадағы қаражатын қайтара алмай отырған жәбірленушілердің саны оннан асатын көрінеді. 

Бүгінде жәбірленушілердің топтық шағымдануымен құрылыс компаниясының басшысына алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республиканың азаматы, көпбалалы ана ретінде Ж. Абдукаримова басынан өткен заңсыз іс-әрекеттерге көпшіліктің, бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудартып, шындықтың орнайтынына үміттенеді, – делінген хабарламада.