Біздің зейнеткерлер Орталық Азия бойынша көп ақша алатын болып шықты

Біздің зейнеткерлер Орталық Азия бойынша көп ақша алатын болып шықты bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 10 желтоқсан, 2024

Ең төменгі орташа зейнетақы – Тәжікстанда

Орталық Азияда қай ел зейнеткерлерінің көп зейнетақы алатыны белгілі болды. Статистикаға сәйкес, ең көп орташа зейнетақы Қазақстанға тиесілі екен. Бұл туралы Kaktus Media хабарлады. 

Орталық Азия елдері статистика департаменттерінің сайттарынан алынған ақпаратқа сәйкес, қазір ең көп орташа айлық зейнетақы алатын Қазақстан азаматтарының кірісі – шамамен 89 275 теңге.

Рейтингте Қырғызстан 2-орында тұр. Ұлттық статистикалық комитеттің мәліметіне сәйкес, онда 2023 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақының орташа мөлшері 9 379 сом (55 мың теңгеден сәл асады) болған.

3-орында – Өзбекстан. Көрші ел азаматтары айына шамамен 1,2 миллион сум (48 мың теңгеге жуық) алады. Ал 4-орынға Түрікменстан жайғасқан. Ол елдің азаматтары орта есеппен 300 манат (44 мың теңгеге жуық) алады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша, ең төменгі орташа зейнетақы – Тәжікстанда. Онда тұрғындар 370 сомони (17 мың теңге) алады.