Ажырасқан әйелдерді түсінгендеймін - Жанқош Тұраровтың жары

Ажырасқан әйелдерді түсінгендеймін - Жанқош Тұраровтың жары instagram.com/klarita_os
bai-bol.kz bai-bol.kz | 10 желтоқсан, 2024

Басыма осы күнге дейін өз табысың болуы керек деген ой кірмепті, - дейді ол

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың келіншегі, блогер Клара Иса Instagram-дағы парақшасына әсерлі жазба жариялап, елді ойландырып қойды.

Ол қазір өзінің ажырасқан әйелдерді түсіне бастағанын алға тартып, жеке өмірі туралы сыр шертті және әйелдің жеке табысы мәселесін көтеріп, жұрттан өзіне қолдау білдіруді сұрады.

Тұрмыс құрғанға дейін әкемнің табысына өмір сүрдім. Тұрмысқа шыққаннан кейін жолдасымның табысын ойланбай шашып, өмір сүрдім. Менің басыма осы күнге дейін өз табысың болуы керек деген ой кірмепті. Жұмыс немесе тіршіліксіз отырған емеспін. Бірақ оны тек хобби деп қана қарадым. Әйелдің өз табысының болуы маңызды дүниелер қатарында екенін түсіндім. Өмірде түрлі жағдайлар болады екен. Тірлік жасаймын деген адамдарға қаншалықты қолдау білдіру керектігін ұқтым. Ажырасқан әйелдердің қалай тау қопаратынын көріп, түсінгендеймін. Мен сіздерден қолдау күтемін, - деп ағынан жарылды боксшының әйелі.