Халық әлі де табысының жартысын тамаққа жұмсап отыр
bai-bol.kz
bai-bol.kz | 6 желтоқсан, 2024
Тұрғындар табысының 8 пайызын нан мен жарма өнімдеріне жаратады
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қазақстандықтар жалақысының қанша пайызын азық-түлікке жұмсайтынын айтты.
Ресми мәліметке сәйкес, ел тұрғындары табысының 8 пайызын нан мен жарма өнімдеріне жұмсайды екен.
Шамамен 17 пайызы етке, 5 пайызы сүт пен сүт өнімдеріне, ал 4 пайызы көкөніс, жеміс-жидек пен кондитерлік өнімдерге кетеді. Жалпы, тұтынушылық шығындардың ішінде азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға кететін ақшаның көлемі бұрынғыдай 50 пайыздың көлемінде сақталып отыр, - деді Серік Жұманғарин.
Оның айтуынша, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының басым бөлігі өндіріледі. Алайда импортталатын өнімдер әлі де бар.