Бес түрлі азық-түліктің импортына әлі тәуелдіміз

Бес түрлі азық-түліктің импортына әлі тәуелдіміз bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 6 желтоқсан, 2024

Қант қызылшасы рекордық көлемде жиналғанмен, оны өндіретін зауыт қажет

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанға импортталатын азық-түлік тауарларын атады.

Оның айтуынша, бүгінде 5 тауар түрі бойынша импорттық тәуелділік бар. Олар – құс еті, шұжық өнімдері, балық, қант, ірімшік пен сүзбе.

Мысалы, құс еті бойынша 3 жыл бұрын өз өндірісіміз 43 пайыз болған. Ал үлкен инвестициялық жобаларды іске қосқаннан кейін 73 пайызға жеттік. Қант 6-ақ пайыз болған, қазір 42 пайыз болып тұр, - деді министр.

Сондай-ақ ол биыл қант қызылшасы рекордық көлемде жиналғанын еске салды. Бірақ бәрін өзімізде өңдеу үшін жаңа зауыт салу қажет.