Шаруаларға енді субсидия берілмейді

Шаруаларға енді субсидия берілмейді ашық дереккөз
bai-bol.kz bai-bol.kz | 18 қараша, 2024

Бұрын субсидия болмаған жағдайда фермерлер банк немесе қаржы институттары арқылы үшжақты шарт жасайтын

Енді бұған дейін фермерлерге беріліп келген субсидия алынып тасталады. Оның орнына шаруаларға 5 пайыздық несие берілмек. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті.

Бұрын субсидия болмаған жағдайда фермерлер банк немесе қаржы институттары арқылы үшжақты шарт жасап, 22 пайызын төлеуге мәжбүр болған еді. Енді келісім тек екі жақтан болады. Бұл несие алу үдерісін жеңілдетуі мүмкін.

Субсидиясыз 5% алады. Содан кейін ол егінін егіп, тазалап, өз жұмысымен айналысуы керек. Бұл екіжақты келісімшарт бойынша іске асады, - деді министр.

Ал Үкімет резервінен астыққа 10 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа 150 мың тонна сатып алынбақ. Сондай-ақ еліміз келесі жылдан бастап Гонконг пен Вьетнамға бидай сатуды жоспарлап отыр.

Осы орайда Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов инспекторларды Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырына қайтаруды ұсынды. 

Астықты өңірлердегі фермерлер өнімдерін элеваторлар қабылдамайды дейді. Меніңше, Азық-түлік корпорациясы өте нашар жұмыс істеді, уақытында элеваторды босатпады. Осы Азық-түлік корпорациясының жұмысында бір мәселе бар. Күзде 2 млн тоннадай астық шығарылды. Соның 20 пайызын ғана корпорация шығарған екен, - деді депутат.