Төреғали Төреәлінің қарындасы халықтан ақша жинап отыр
80 млн теңге қажет, – дейді ол
Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі халықтан көмек сұрап, емге ақша жинап жатыр. Ол оқырмандарына отбасылы азаматтың ауырып жатқанын айтты.
Қазір Ерлан бауырымыз үшін ақша жинауға Алла сезім салды. 3 баланың әкесі қазір аяғының емімен арпалысып жүр. Аяғына тұрып, жүріп кетуіне себепші болсақ, қандай бақыт?! 2021 жылы жол апатына түсіп, аман қалған. Оң аяғы 1 жерден, сол аяғы 3 жерден сынған. Осы уақытқа дейін 12 ота жасалған екен. Қазір Кореяға ем іздеп барған. Тағы 6-7 ота керек екен. Ол үшін 80 млн теңге қажет, – деп жазды блогер.
Сондай-ақ ол 5 минутта 1 млн теңге жиналғанын атап көрсетті.
Белсенді болып жатқан әр жанға мың алғыс! 1-2 мың теңге аударсаңыз да үлкен көмек болғалы тұр. 6 сағатта 16 млн теңге жиналды. 24 сағатта қанша теңге жиналатынын күтейік. Сосын мұқтаж жанға аударамыз, – деп есеп берді Фариза Төреәлі.