Қазақстанда орташа айлық жалақы 390 мың теңге болды

Қазақстанда орташа айлық жалақы 390 мың теңге болды bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 11 қараша, 2024

Өткен тоқсанмен салыстырғанда, айлық жалақының орташа мәні 3,2% төмендеген

Ұлттық статистика бюросы елдегі қызметкерлердің саны және жалақысы туралы мәліметтерді жаңартты.

2024 жылғы III тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2023 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 11,3% өсіп, 390 328 теңгені қамтыды. Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні бағалау бойынша 2024 жылдың III тоқсанында 269 378 теңге болды, – делінген хабарламада.

Бюро таратқан мәліметте өткен тоқсанмен салыстырғанда, айлық жалақының орташа мәні 3,2% төмендеген, нақты жалақы индексі 95,3%-ды қамтыған.

2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда, орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыс (28,1 есе), қаржы және сақтандыру қызметі (24,3%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (18,7%), өнер, ойын-сауық және демалыс (18,0%) салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы 13,8% өсті. Оның ішінде электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында – 20,6%, сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында – 18,3%, - делінген хабарламада.

2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда, орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру (5,9%), құрылыс (5,3%) салаларында байқалған. Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 2,2 есе, қаржы және сақтандыру қызметінде 2,1 есе, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметт тиісінше 1,5 есе , көлік және жинақтауда 1,4 есе жоғары болып тіркелген.