Димаш Құдайбергеннің қарындасына тиесілі мейрамханада баға аспандап тұр

Димаш Құдайбергеннің қарындасына тиесілі мейрамханада баға аспандап тұр 2gis
bai-bol.kz bai-bol.kz | 5 қараша, 2024

Шайдың бағасы 3 мың теңге болатындай, неғылған шай ол?! – деп шошыды жұрт

ҚР халық әртісі Димаш Құдайбергеннің ата-анасы ашқан «Дайдидау» мейрамханасындағы тамақтардың бағасы белгілі болды.

Журналист Ақбаян Сапарбай жеке парақшасына видео жариялап, қызмет көрсету пайызы қосылмайтынын айтты.

Міне, маркетинг! «Дайдидау» мейрамханасында тамақтанып болған соң, таза қазақы жазылған және қызмет көрсету пайызы қосылмаған түбіртекті көріп риза болдым да, TikTok-қа жүктей салдым. Сөйтсем, сол сәтте 2 500 адам өз парақшасына алып кетіпті. 1 миллионнан аса адам қарап шықты. Маркетолог жалдап, арнайы жарнама жасасаң да кейде осындай нәтиже бермейді. Сондықтан шынайылық қашан да құнды. Өз бизнесін дамытқысы келетіндер осыны ескеру керек! – деп жазды журналист.

Алайда желі қолданушылары мейрамханадағы тамақтардың қымбат екенін жарыса жазып жатыр.

«Шайдың бағасы 3 мың теңге болатындай, неғылған шай ол?!», «Қуырдақтың бағасы – 7 500 теңге», «3 мың теңгеге бір келі шай аламын», «Бағасы өте қымбат, бірге бірді қосыпты», «Үндістаннан шайды өздері өндіріп әкелетін шығар?!» деп жазды көпшілік.

Еске сала кетсек, ол мейрамхана әншінің қарындасы Раушан Құдайбергенге тиесілі.