Ресейлік аспаз асылған еттің дәмін сынап тастады

Ресейлік аспаз асылған еттің дәмін сынап тастады dzen.ru
bai-bol.kz bai-bol.kz | 25 қазан, 2024

Қарсы пікірлерді оқығаннан кейін ол асығыс пікіріне түзету енгізді

Ресейлік аспаз Сергей Кагилев қазақтың ұлттық тағамының дәміне қатысты пікір білдірді.

Ол желідегі парақшасына асылған еттен алған әсерін бөліскен видео жариялады.

Мен «бешбармакты» өмірімде бірінші рет жеп көрдім. Шынымды айтсам, түсініксіз әсер қалдырды. Бір жағынан дәмді, иә, бірақ екінші жағынан, өте қарапайым тағам. Таңғаларлық ерекшеліктері жоқ, жай ғана жақсы сорпа, қайнатылған ет және қамыр, – дейді аспаз.

Сондай-ақ ол сиыр етін асудың бюджеттік тағам емес екенін атап өткен.

Бір жағынан өте қарапайым. Етті 3 сағатқа пісуге қалдырып, ұмытып кетсең болғаны. Бірақ, екінші жағынан, қамырмен жұмыс істеу керек. Оны илеу және жаю өте көп энергияны талап етеді. Ұнмен жұмыс істеу жұрттың бәріне бірдей ұнай бермейді, – дейді аспаз.

Қысқасы, ол ет асудан толық ләззат ала алмағанын айтты.

Бұл тағам дәмді болып көрінді, тіпті танымал дер едім. Бірақ мен бұл тағамды сезіне алмадым, – деп түйіндеді сөзін Сергей Кагилев.

Алайда аспаз жарияланып кеткен видеосына түзету енгізіп, өзінің ет асудың барлық қыр-сырын ескермеген болуы мүмкін екенін де атап өтті.

Видеоға жазылған пікірлерді оқып, бұл тағамның мен пісірер алдында көрген видеолардың ешқайсысында естімеген көптеген тұстары бар екенін түсіндім. Мен «бешбармакты» тым асығыс дайындаған екенмін. Әрине, менің жасағанымды «бешбармак» деуге келсе, – дейді аспаз.