Алматыда Қытай азаматынан ақбөкеннің 4,5 мыңға жуық мүйізі тәркіленді

Алматыда Қытай азаматынан ақбөкеннің 4,5 мыңға жуық мүйізі тәркіленді polisia.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 23 қазан, 2024

Ақбөкен мүйіздерін сату арнасы анықталып жатыр

Алматыда Қытай азаматынан 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді, деп хабарлады Polisia.kz.

Арнайы іс-шараны Алматыда қалалық ПД криминалдық полициясының «Киберпол» қызметкерлері жүргізген.

Жетісу ауданындағы жеке үйлердің бірінде 58 жастағы Қытай азаматы ұсталды. Оны тінту кезінде ақбөкен мүйізі салынған 50 қорап табылды және тәркіленді. Айтуынша, ол Қызыл кітапқа енген элементтерді Алматы облысынан сатып алып, емдік мақсатта өз еліне тасымалдауды жоспарлаған. Ақбөкенді заңсыз жою, сондай-ақ оны немесе дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін алу, сақтау, өткізу, импорттау, кіргізу, жөнелту, тасымалдау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақбөкен мүйіздерін сату арнасы анықталып жатыр, - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.