«Пара алуға мұқтаж болады»: прокурорлардың жалақысы – 187 мың теңге
Әділетті Қазақстанның прокурорлары тоқ болуы керек! - дейді заңгер
Заңгер Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасында Бас прокурор Берік Асыловқа үндеу жолдады.
Оның айтуынша, еліміздегі прокурорлардың жалақысы өте аз. 187 мың теңге ғана алады екен.
187 мың теңге қайда жетеді? Әсіресе ауыл-аймақта жұмыс істеп жүрген жастарға бұл айлық жетпейді. Өзіңіз білесіз, ауыл-аймаққа ауысып, жұмыс істейтіндерге пәтерақы төленбейді. Әрине, ақша жетпегеннен кейін қызметкерлер пара алуға мұқтаж болады. Әділетті Қазақстанның жаңа, жас, әділетті прокурорлары тоқ болуы керек! Қадағалау әділетті болсын десек, айлықтары да соған сай болуға тиіс, - дейді заңгер.
Сондай-ақ ол биыл прокуратура қызметінен өзі білетін біраз мықты жас кадрдың жұмыстан шығып кеткенін алға тартты. Бәрінің айтатын уәжі – жалақының аздығы.
Елге адал қызмет ету үшін соған лайық жағдайлары жасалуы керек, - деп сөзін қайта нықтай түсті Айгүл Орынбек.