Мұғалімдерге сынып жетекшілігі үшін берілетін сыйақы 30 пайыз артады
bai-bol.kz
bai-bol.kz | 19 қазан, 2024
Буллингтің алдын алу үшін сенім телефоны жұмыс істейді
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда 220 мыңнан аса сынып жетекшісінің өтемақысы 30% артатынын айтты.
Үкімет басшысының айтуынша, сынып жетекшілері мектептегі буллингтің алдын алуда үлкен рөл атқарады. Ал сыйақылар оларды оқушылар арасындағы жанжалдар мен төбелестерді бақылап жүргуге ынталандырады деп санайды.
Жалақыны кезең-кезеңімен көтереміз. Бұл мәселе қазір талқыланып жатыр, – деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ ол буллингтің алдын алу үшін сенім телефоны жұмыс істейтінін еске салды.
Айта кетейік, бір жыл ішінде байланыс орталығының мамандары 18 500-ден аса әйел мен балаға көмек көрсеткен. Барлық аймақта қолдау орталықтары жұмыс істейді. Сондай-ақ BalaQorgauBot2.0 чат боты және Balakorgau веб-сайты бар.