Доллар тағы көтеріле ме? - Ұлттық экономика министрі жауап берді

Доллар тағы көтеріле ме? - Ұлттық экономика министрі жауап берді Руслан Пряников
bai-bol.kz bai-bol.kz | 16 қазан, 2024

Біздің болжамдарымыз жыл соңына дейін қайта қаралмайды, - дейді

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Алдағы уақытта тағы да доллардың құны арта ма? деген сұраққа жауап берді.

Министр әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жасалған кезде валюта бағамы 1 доллар үшін 460 теңге болып көрсетілгенін айтты.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жасаған кезде орташа бағамды көрсеттік. Оның негізінде бюджеттің кіріс бөлігі қалыптасады. Болжам бойынша, биылғы валюта бағамы 1 доллар үшін 460 теңгені қамтиды. Біз бұл болжамды өзгерткен жоқпыз, – деді Нұрлан Байбазаров.

Оның айтуынша, жылдық динамикалық көрсеткіш орта есеппен осы шектердің айналасында.

Сондықтан біздің болжамдарымыз жыл соңына дейін қайта қаралмайды. Иә, теңге бағамы нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты, бірақ жоспарымызды көріп отырсыздар. Жыл соңына дейін Ұлттық қордан қосымша трансферттер алынады. Мұның бәрі теңге бағамына оң әсер етеді, – деді министр.