Банктер қазақстандықтардың жеке мәліметтерін сатып жіберген
Szona
bai-bol.kz | 15 қазан, 2024
Банктерді жазалап жатырмыз, бірақ нақты статистика жоқ, – деді комитет төрағасы
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов кейбір қазақстандық банктердің өз клиенттерінің жеке деректерін үшінші тұлғаларға бергені туралы ақпаратты растады.
Айта кетсек, бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Руслан Әбдіқалықов осы жайтқа қатысты сұраққа банктердің жазаланғанын алға тартып жауап берген болатын.
Иә, өкінішке қарай мұндай фактілер бар. Біз былтырғыдай екінші деңгейлі банктерді осы заң бұзушылықтар үшін жазаладық. Сәйкесінше, бұл жерде азаматтардың өздерінің азаматтық ұстанымы қажет. Яғни бізге бұл туралы хабарлауы керек. Біз заңды тұлғаны, яғни банктерді жазалап жатырмыз, бірақ нақты статистика жоқ, – деді комитет төрағасы.