Астанада бір күн түнеуге қанша теңге қажет?

Астанада бір күн түнеуге қанша теңге қажет? bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 11 қазан, 2024

Баспананы жалға беретіндер ескі вокзал алдынан жиі кездеседі

Астанаға аз ақшамен келмеңіз. Себебі күнелту мен түнеу үшін арзан пәтер таппайсыз. Әрі сізге ұсынылатын қызмет пен үйдің хал-күйі көңіліңізден шықпай қалуы мүмкін.

Осы орайда «Астана» телеарнасының тілшісі эксперимент жасап көрген. Ол пәтер беретіндер мен әлеуметтік желідегі бағаны бақылады. 

Егер сіз Астанаға алғаш рет келсеңіз, алдымен тұратын пәтер іздейсіз. Баспананы жалға беретіндер негізінен теміржол вокзалының алдынан жиі кездеседі.

Жүр, көр деп қоймаған соң ескі теміржол вокзалының жанындағы үйге бардым. Күні 10 мың теңгелік бір бөлмелі пәтердің іші осындай. Ал егер сіз Есілдің сол жағалауында тұрғыңыз келсе, онда бір күнге 15 мың теңге төлейсіз, - дейді қарапайым пәтер ішін көрсеткен тілші.

Бүгінде әлеуметтік желіде де бір рет түнеуге үйін жалға беретіндердің жарнамасы қаптап тұр. Пәтер үшін кемі 10 мың, жүріс-тұрыс, ас-суыңызды қосқанда бір күнге шамамен 30 мың теңге қажет. Қонақ үйлердің де арзаны 10 мың теңгеден басталады. Ал бір ай пәтер жалдағаныңыз бөлме саны мен орналасқан жеріне, үйдің жағдайына қарай 100 мың теңгеден асады.