Астанада кәсіпкер мердігер ұйым басшысынан 170 млн теңге пара алған

Астанада кәсіпкер мердігер ұйым басшысынан 170 млн теңге пара алған kapital.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 9 қазан, 2024

Онымен бірге пара беруші де сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС-ның бас директоры Р.А. Кадесов пен азамат О.Б. Давлетовке қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Антикордың Telegram-арнасы хабарлады.

Антикор мәліметінше, Р.А. Кадесов О.Б. Давлетов арқылы Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін мердігер ұйым басшысынан 170 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Сот үкімімен Р.А. Кадесовке 10 жыл, О.Б. Давлетовке 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот Р.А. Кадесовтің құны пара сомасына тең 4 автокөлігін тәркіледі. Сондай-ақ мемлекет кірісіне 170 млн теңге мөлшерінде пара сомасы өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.