«Тосынсый»: Гүлзира Айдарбекова күйеуінің туған күнін Кипрде тойлады
Ол өздерінің ерінбей еңбек еткеннің арқасында табысқа кенеліп жатқандарын айтты
Продюсер Гүлзира Айдарбекова жолдасы Нұртас Айдарбековтің туған күнін шетелде қарсы алды. Айтуынша, ол тығыз жұмыс кестесіне қарамастан отағасы үшін арнайы уақыт тапқан. Яғни дүкенінің ашылу салтанатынан кейін бірден шетелге ұшып кеткен.
Кеше ғана дүкенімнің ашылуы болып, түнімен қонақ күткенімізді салған едім. Менің туған күнім 12 сәуір, космонавтар күні ғой. Бәрі бекер емес сияқты. Бір жапырақ жерге түссе де Алланың қалауымен. Мінекей, бүгін Кипрдемін. Бұйырса, 8 қазанда Нұрекемнің туған күні, бала-шағамызбен осындай тосынсый жасайық деген ой болды. Сіздерге де Алла күш-қуат нәсіп етіп, әлемді аралауды жазсын! Әумин деп жаза кетіңіздер, Алланың құлағына шалынсын, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.
Одан кейін продюсер осы күні өздерінің ерінбей еңбек еткеннің арқасында табысқа кенеліп жатқандарын айтты.
Шынымды айтсам, инемен құдық қазғандай, жылдар бойы адал нәпақамызды тауып келеміз. Жандүниең таза болса, отбасың үшін тапқан наның адалдықпен келгені жұғымды болады. Ұрпағыңа да өмірлік жейтін нанын табуға жол салып бересің. Өзім де ұрпағымның танымалдықпен, абыроймен істеп жатқан істеріне қараймын. Олар – Нұрекең екеуіміздің өсіп-өніп жатқан жемістеріміз. Ал біз – сол жемістердің тамырымыз. Үзіліп кетпеуіміз керек. Алла сүйген құлына көтере алады деп сынақ береді. Кез келген сынаққа сынып кетпейік деп, Аллаға шүкіршілік етіп отырамын. Мейлі ұлдарымыз, келіндеріміз болсын, сіздер бәрін жатқа біліп, танып, қашан да қолдап отырасыздар. Бәрі де Алланың қалауымен адал еңбекпен, адал ниетімізбен, ел алдында жинаған абыройымызбен келген бақ деп білемін, – деп жазды продюсер.